Skip to content

«Қазақтың ұлттық ойындары» атты спорттық іс-шара

03-сәуір 2026 жылы  күні бала тұлғасының үйлесімді дамуы үшін әкелердің педагогикалық құзыреттілігін арттыру және оларды балабақшаның кіріктірілген білім беру ортасына белсенді түрде тарту мақсатында дене шынықтыру нұсқаушылары А.И. Ахмедьянова мен Н.Б. Рахметов «Әкелер мектебі» жобасы аясында балабақшада «Қазақтың ұлттық ойындары» атты спорттық іс-шара ұйымдастырып, өткізді. Балалар мен әкелері жылдамдық, төзімділік, күш және ептілік бойынша сынға түсті. Бұл ересектер үшін де, балалар үшін де қандай қуаныш болды!