Ағымдағы жылдың 19-қарашасы күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Ақтау қаласының жол картасына сәйкес 2025-2028 жж арналған білім беру мен білім сапасын арттыруға ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ету және ерте кәсіптік бағдар беру мақсатында жасақталған жоспарына сай, қалалық деңгейде, ата-аналарды педагогикалық қолдау «Атадан – өсиет, анадан қасиет» тақырыбында бөбекжайымызда шебер-сынып өтті. Іс-шараға Маңғыстау туризм колледжінің педагогы Жансая Қуандыққызы және колледждің бір топ мамандарымен қоса студенттері де қатысты. №46 «Балбұлақ» бөбекжай педагогтері және №37 «Мәншүк» бөбекжайы педагогі «Атадан – өсиет, анадан қасиет» тақырыбындағы шебер-сыныпқа қатысып, практикалық бөлімінде ата-аналармен бірге атсалысты. №46 «Балбұлақ» бөбекжай педагогтерімен ата-аналарына ұмыт болған қолөнер бұйымдарын қайта жаңғыртып, оның қадір қасиетін түсіндіруде іс-тәжірибелерімен бөліскені үшін алғыс айтамыз!








KZ
