Skip to content

Жыл қорытындысы

30 желтоқсан күні бөбекжайда 2025 жылды қорытындылауға арналған іс-шара болып, директор Оразова А.Д. және әдіскер Қобланова А.Р. сөз сөйлеп, биылғы жылы өткізілген іс-шаралар мен семинарлар, бөбекжайдың жеткен  жетістіктері жайында атап өтті.

   2025 жылғы   үздік кәсіподақ мүшелерін әлеуметтік қамсыздандыру қорының  ақшалай сыйлықтармен марапатталып, статуеткалары табысталды. Олар: әдіскер Г.К. Сейталиева, медбике Е.С. Сулейманова, хореограф Ш.У. Өмірбекова, психолог Г.Қ. Құрманғазина, және дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Н.Б. Рахметов. Жақсы жетістіктері үшін әріптестерімізді құттықтаймыз.