Skip to content

Бракераждық комиссияның жоспарлы жұмысы

2026 -жылдың 12-наурыз күні бөбекжайымызда тәрбиеленушілердің тамақтану сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бракераждық комиссияның жоспарлы жұмысы жүргізілуде. Комиссия мүшелері дайын тағамдардың сапасын, санитариялық талаптардың сақталуын, өнімдердің жарамдылық мерзімі мен тағам дайындау технологиясының орындалуын
тұрақты түрде бақылауда.
📍Комиссия мүшелері күнделікті ас мәзіріндегі тағамдардың берілуін сараптап, асхананың жалпы тазалығы мен азық-түліктердің сақталуын, олардың дайындалуы мен берілуін қарады.
📍Топтардағы түскі ас мезгілініндегі балалардың тамақтануын, санитарлық нормалардың сақталуын қарап, жақсы бағасын берді.