2026 жыл 22 –сәуір күні «№46 «Балбұлақ» бөбекжай базасында Мобильді топ қызметінің жұмыс жоспарына сай, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы педагогтердің озық іс-тәжірибелермен бөлісе отырып, біліктіліктерін жетілдіруге мүмкіндік жасау, ұйымдастырылатын іс-шаралардың жаңа әдіс-тәсілдерімен бөлісу, тәрбиеленушілердің жеке қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне сәйкес толыққанды сапалы тәрбие мен білім беру мақсатында «Ұлттық құндылықтар арқылы балаларды жан –жақты дамытуда интерактивті әдістерді қолдану» тақырыбында қалалық мобильді топтың ұйымдастыруымен семинар өтті.
Семинарда «Ұлттық құндылықтар әлемі» ұйымдастырылған іс-әрекетімен №46 «Балбұлақ» бөбекжайы педагогтері-Акоразова Эльмира Сембаевна, Каракаева Айгерим Койшыбаевна, Имангалиева Айгуль Туребаевна, №39«Хиуаз» бөбекжайы тәрбиешісі –Батыр Айдана Әкімжанқызы; «Дәстүрлі тәрбие болашаққа бастар жол» ұйымдастырылған іс-әрекетімен №46 «Балбұлақ» бөбекжайы тәрбиешілері– Уралбаева Туганай Бакбергеновна, Мұратова Данагуль Ахметжанқызы, №33 «Әлия» бөбекжайы тәрбиешісі –Кульшарова Райхан Азаматовна, №35 «Балдырған» бөбекжайы тәрбиешісі –Кунградбаева Макпал Елубайқызы; «В мире детских фантазий или путешествие во времени» ұйымдастырылған іс-әрекетімен №46 «Балбұлақ» бөбекжайы бейнелеу өнері тәрбиешісі- Сельченкова Екатерина Ивановна, тәрбиеші- Омельницкая Татьяна Алексеевна; №37 «Маншүк» бөбекжайы тәрбиешісі –Кыйлыбаева Нурия Бердибековна; «Ұлттық мұра – асыл қазына» ұйымдастырылған іс-әрекетімен №46 «Балбұлақ» бөбекжайы педагогтері Аршеева Жемісхан Хайроллақызы, Есергенова Тарбия Жарасовна, №42 «Түймедақ» бөбекжайы тәрбиешісі – Қабидуллина Ләззат Жақияқызы, №26 «Қарлығаш» бөбекжайы тәрбиешісі –Кузембаева Арай Догдырбековна, «Игры моего народа» ұйымдастырылған іс-әрекетімен №46 «Балбұлақ» бөбекжайы дене тәрбиесі нұсқаушылары: Ахмедьянова Анжела Ивановна, Рақметов Нұрбек Бисенбекұлы, тәрбиеші- Бисенгазиева Алтынай Оразалиевналар өз тәжірибесімен бөлісті. Семинарға мектепке дейінгі ұйым педагогтері қатысты. Семинардың қорытындылау кезеңінде қатысушылар пікір алмасты.



















KZ
