29 сәуір күні №46 «Балбұлақ» бөбекжайы базасында педагогтердің шығармашылық бастамаларын қолдау және білім беру мазмұнын жаңарту мақсатында «Сараптамалық кеңес және авторлық материалдарды әзірлеу, сараптау және сүйемелдеу тәртібі туралы ереже» тақырыбында Ақтау қаласы бойынша «Оқу әдістемелік орталығы»-ның қолдауымен мектепке дейінгі ұйым әдіскерлеріне әдістемелік көмек ұйымдастырылды. Бұл шараға №46 «Балбұлақ» бөбекжайы әдіскері Кобланова А.Р. және №14 «Айгөлек» бөбекжайы әдіскері Калимбетова Г.К. авторлық материалдарды әзірлеудің жаңа ережесі бойынша әдістемелік көмек көрсетті.





KZ
