Skip to content

«Көңілді доптар» дене шынықтыру сауық кеші

30 сәуір күні бөбекжайымызда «Көңілді доптар» дене шынықтыру сауық кеші ұйымдастырылды. Физикалық дағдыларды (ептілік, үйлестіру, дәлдік) дамыту және көңілді, ойын әрекеттері арқылы денсаулықты жақсарту мақсатында өткен шара балаларға қуаныш сыйлады. Бұл іс-шаралар әлеуметтенуге ықпал етеді, командалық рухты, спортқа қызығушылықты арттырады және доппен жаттығулар жасай білу дағдыларын арттырады.