2026 жылғы 12 мамыр күні №46 «Балбұлақ» бөбекжайымызда Облыстық «Жасыл балабақша – табиғатты аялау мен сүйіспеншілікті тәрбиелеу жолы» тақырыбында тәжірибе алмасу воркшопы өткізілді .
Іс-шараның мақсаты – мектепке дейінгі ұйымдарда экологиялық тәрбие беру бағытында тәжірибе алмасу, табиғатты қорғауға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру және «Жасыл балабақша» жобасын дамыту болды.
Воркшопқа мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері мен тәрбиешілері қатысты. Іс-шара барысында қатысушылар тіркеліп, әртүрлі бағыттағы ұйымдастырылған іс-әрекеттер мен шеберлік сыныптарға куә болды.
Бағдарламаға сәйкес:
- Педагог-психолог Құрманғазина Гүлшат Құрманғазықызы «Табиғи қалдықтан – жаңа туынды» тақырыбында көрме ұйымдастырды;
- Тәрбиеші Муратова Данагүл Ахметжанқызы ересек топта «Табиғат – тіршілік бесігі» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекет көрсетті;
- Тәрбиеші Акоразова Эльмира Сембаевна «Орман достары» тақырыбында ашық іс-әрекет өткізді;
- Бейнелеу өнері тәрбиешісі Сельченкова Екатерина Ивановна «Умные штучки из мусорной кучки» атты шеберлік сыныбын ұйымдастырды;
- Әдіскер Кобланова Алима Реджеповна «Бөбектер мекендеген жасыл бөбекжай» тақырыбында бейнефильммен таныстырды.
Іс-шара соңында пікірталас өткізіліп, қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, кері байланыс жасады. Воркшоп қорытындыланып, бағалау жүргізілді.
Аталған шара педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыруға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік берді.




















KZ
