2026 жылдың 20 мамыры күні мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің ата-аналармен өзара серіктестігін және отбасы мен балабақша ынтымақтастығын жалғастыру, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында №46 «Балбұлақ» бөбекжайында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың заманауи жағыдайында ата-аналар мен педагогтердің әлеуметтік серіктестігін дамыту» тақырыбында (Отбасымен ынтымақтастық бағыты) семинар өтті. «Отбасым -бақыт мекенім»тақырыбында №1 ортаңғы тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті тәрбиеші Бисенгазиева Алтынай Оразалықызы ата-анамен, «Отбасы татулығы» тақырыбында №11 ересектер тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін Уралбаева Туганай Бакбергеновна ата-анамен бірге өткізді. «Біз бақытты баламыз» ата-аналармен бірге ұйымдастырылған шығармашылық фестивалін ән-саз жетекшісі барлық топ ата-аналармен бірге өткізді.Семинар соңында келген педагогтер ұсыныс пікірлерін білдіріп, «өте жақсы» деңгейде өткенін айтып, ұжымға шығармашылық табыс тілеп, жылы лебіздерін білдірді.









KZ
