15 мамыр Отбасы күніне орай, балаларға отбасындағы қарым – қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу, үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, жанұяның мақтаны болуға тәрбиелеу мақсатында бөбекжай тәрбиешілері тақырыптық оқу іс-әрекеттерін өткізді.Балалармен бірге отбасы жылуының, бауырмалдық пен татулықтың символы ретінде әртүрлі қолөнер бұйымдары жасалды.Сонымен қатар ата-аналар қолдауымен отбасымен түскен арнайы фотосуреттер көрмесі ұйымдастырылды.








KZ
