2026 жылы 02-06 наурыз аралығында «№46 «Балбұлақ» бөбекжайында балаларға жақсы көңіл күй сыйлау, әр адамның өмірінде ерекше орны бар отбасының ұйытқысы және отбасылық дәстүрлерді дәріптейтін ананың бейнесі туралы түсінік қалыптастыру, ананы құрметтеу, қадірлеу және отбасының жылуы ананың аялы алақаны екенін түсіндіру, ананы Отан –ана деп атаудың мағынасын түсіндіру мақсатында «Анашымның мерекесі» атты мерекелік ертеңгіліктер өтті. Балалар аналарына, әжелеріне арнап ойындар, әндер, билер және тақпақтар орындады. «Анамыздың көмекшілеріміз», «Кім шапшаң», «Өз балаңды таны» сияқты қызықты ойындар мен қоса «Әжелер» атты сахналық көріністерде аналардың көңілін көтерді. Барлық балалармен қоса ата-аналар ойындарға, сахналық қойлымдарға белсене қатысып отырды, ал қонақтармен балалар сүйсіне қол соғып қошеметтеп отырды. Мереке соңында топ тәрбиешілер мерекелік шараны аяқтай отырып, қонақтар мен аналарды мерекелерімен құттықтап, балалардың қолымен жасалған аналарына сыйлықтарын табыстады.












KZ
