Skip to content

Ата-аналармен жұмыс жасаудың инновациялық формалары

2026 жыл 26-наурыз күні  Ақтау қаласы бойынша  «Оқу әдістемелік орталығы»-ның жоспарына сай,  «Инновациялық даму платформасы» бойынша  «Ата-аналармен жұмыс жасаудың инновациялық формалары» (өз –ара байланыс, тәжірибе алмасу) тақырыбында №17 «Күншуақ»  бөбекжайында баланың жан-жақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында отбасы мен мектепке дейінгі ұйым арасындағы серіктестікті нығайту, ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру, ата-аналарды тәрбиелеу-білім беру үдерісіне белсенді тарту, отбасының тәрбиелік әлеуетін арттыру, педагог–ата-ана–бала ынтымақтастығын дамыту, ата-аналармен жүйелі, ашық және сенімді қарым-қатынас орнату мақсатында  дөңгелек үстел өтті.  Дөңгелек үстелде МДҰ мен отбасы ынтымақтастығы бағыт бойынша көп жылдар бойы жұмыс жасап келе жатырған №46 «Балбұлақ бөбекжайының педагог-психологы өз тәжірибелерімен бөлісіп, презентация дайындап,  ата-аналармен  балалардың бірге жасаған жұмыс көрмесін ұйымдастырды.