2026 жылы 16 сәуір күні Консультациялық пункттің жоспарына сәйкес №46«Балбұлақ» бөбекжайдын әдіскері Сейталиева Г.К. тарапынан ата-аналарға арналған «Баланың зиянды әдеттерінен қалай арылтуға болады?» тақырыбында консультация өткізілді.
Консультацияның мақсаты – ата-аналардың мектепке дейінгі жастағы балалардағы зиянды әдеттердің себептерін анықтау және оларды түзету жолдары бойынша педагогикалық құзыреттілігін арттыру.Консультация барысында ата-аналарға зиянды әдеттердің түрлері, олардың пайда болу себептері (назардың жетіспеуі, күйзеліс, еліктеу, зерігу және т.б.) туралы ақпарат беріліп, оларды жеңудің тиімді жолдары ұсынылды.Әдіскер ата-аналарды баламен жағымды қарым-қатынас орнату, қолайлы психологиялық орта құру, жағымды қолдау көрсету, жеке үлгі көрсету және зиянды әдеттерді пайдалы әрекеттермен алмастыру тәсілдерімен таныстырды.
Консультация барысында интерактивті тапсырмалар мен ойындар («Басқаша айт», «Пайдалы алмастыру», «Жетістік қоржыны», тыныс алу жаттығулары) жүргізілді. Бұл ойындар ата-ана мен бала арасындағы оң қарым-қатынасты дамытуға және баланың мазасыздығын төмендетуге бағытталған.Ата-аналарға үй жағдайында қолдануға арналған ұсынымдар жазылған жадынамалар таратылды.Консультация нәтижесінде ата-аналар балалардың зиянды әдеттерімен тиімді жұмыс істеуге және олардың дамуына қолайлы жағдай жасауға қажетті практикалық білім алды.




KZ
