2026 жыл 15 сәуір күні Маңғыстау облысының прокуратурасы «Заңды құрметтейтін ұрпақ» жобасы аясында бөбекжайымызда «Біздің қаһармандар» атты танымдық іс-шара өткізді. Құқық қорғау органдары қызметкерлері мен денсаулық сақтау саласы мамандарымен өткен кездесуде балалар қойылымдар қойып, ән мен биден өнер көрсетті. Құқық қорғау қызметкерлері мен дәрігерлер балаларға прокурор, полицей, өрт сөндіруші және дәрігер мамандықтарының қоғамдағы маңызы жайында жан-жақты мәлімет берді.











KZ
