Skip to content

Дөңгелек үстел «Келіңіз, танысайық!»

         Мектепке дейінгі ұйымның педагогтері мен ата-аналары арасында қарым-қатынасқа деген оң көзқарас пен тілектестікті қолдау, ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру, балаларға мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту мазмұнын іске асыру үшін жайлы жағдай жасауда отбасы мен мектепке дейінгі ұйымның күш-жігерін біріктіру, өзара түсіністік атмосферасын құру мақсатында және консультациялық пункт жоспарына сай  бөбекжайымызда қыркүйек айында «Келіңіз, танысайық!» тақырыбында  дөңгелек үстел өтті.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуда баланың өмірі мен дамуына ықпал ететін барлық факторларды ескеріп, баламен жұмысты ата-аналарымен, қоршаған ортамен өзара ынтымақтастықта құру аса маңызды екенін ата-аналарға түсіндіріп  айтылды.

Ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру үшін ата-аналар жиналыстарының жаңа форматының келесі түрлері ұсынылады:

Тренингтер, семинарлар, конференция, ата-аналармен бейресми байланыс орнатуға бағытталған дәстүрлі емес қарым-қатынас нысандары, пікірталастар, дөңгелек үстел.

Нәтижесінде:

1)  ата-аналарға білім беру процесінің қатысушылары болуға мүмкіндік беріледі;

2) ата-аналар үйде баланың толық дамуына жағдай жасау үшін консультациялық көмек алады.

Осының нәтижесінде бөбекжайға келуші балалар үшін:

баланың көңіл-күйі, шаршамауы, бөбекжайға бару ниетінің болуы, педагог пен балалар арасындағы өзара әрекеті. Тәрбиелеу мен дамыту бойынша ата-аналардың қалаулары мен ұсыныстары жайында пікір алмасу және кері байланыс жүргізілді.