Ағымдағы жылдың 15-16 қаңтары күндері «Кәсіби өсудің жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында облыстық вебинар Zoom платформасында өтті. Вебинарға облыс бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлері мен логопед мамандары барлығы 175 педагог қатысты. Бөбекжайымыздан әдіскер Кобланова Алима Реджеповна қатысып, ” Авторлық бағдарламаларды әзірлеуге әдістемелік қолдау көрсету ” тақырыбында тәжірибесімен бөлісті.Вебинар аяқталғаннан кейін кері байланыс өткізіліп, қатысушылардың сұрақтары талқыланды. Іс тәжірибесімен бөліскен мамандарға алғыс білдірді



KZ
