Skip to content

Кеңес «Біз балалармен қалай сөйлесеміз?»

31-қазан күні консультациялық жұмыс жоспары бойынша, мектепке дейінгі ұйымның педагог-психологы ата-аналармен бірлескен жұмысты күшейту, олардың педагогикалық мәдениетін арттыру, баламен өзара жылы, түсіністі қарым-қатынас орнатуға бағыттау мақсатында «Біз балалармен қалай сөйлесеміз?» тақырыбында кеңес өткізді.

Кеңестің мақсаты – ата-аналарға жылы сөздің, көзқарастың және қарым-қатынас стилінің бала психикасына әсерін тәжірибе арқылы сезіндіру, бала мен ата-ана арасындағы мейірімді байланысты нығайту.

Іс-шара барысында ата-аналарға баламен сөйлесу кезінде сөздің, интонацияның және көңіл күйдің маңызы түсіндіріліп, практикалық ойындар ұйымдастырылды. Кеңес үш бөлімнен тұрды:

«Жылы алақан» – ата-аналар өз балаларына арнап жылы сөздерін жазып, балаға деген сүйіспеншілік сезімін қағаз бетіне түсірді.

«Бір сәтке бала бол» – ата-аналар өздерін бала рөлінде елестетіп, ересек адамның сөзінің әсерін сезінді.

«Байланған бала» (эмоциялық көрініс) – ата-аналар лента көмегімен баланың еркіндігі мен сезімін байлап тастайтын сөздердің әсерін көрді. Соңында «Босату сәті» арқылы ата-аналар балаға жылы сөздің, сүйіспеншіліктің маңызын ұғынды.

Кеңес соңында қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, кері байланыс жүргізілді. Ата-аналар тренингтен ерекше әсер алғандарын және алдағы уақытта баламен сөйлесуде жылы қарым-қатынас қалыптастыруға ниетті екенін білдірді.