Skip to content

Мектепке дейінгі  тәрбие  мен оқытудың заманауи жағыдайында  ата-аналар мен педагогтердің әлеуметтік серіктестігін дамыту

2026 жылдың 20 мамыры күні  мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің ата-аналармен өзара  серіктестігін және  отбасы мен балабақша ынтымақтастығын жалғастыру, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында №46 «Балбұлақ» бөбекжайында «Мектепке дейінгі  тәрбие  мен оқытудың заманауи жағыдайында  ата-аналар мен педагогтердің әлеуметтік серіктестігін дамыту» тақырыбында  (Отбасымен ынтымақтастық бағыты) семинар өтті. «Отбасым -бақыт мекенім»тақырыбында  №1  ортаңғы тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті тәрбиеші Бисенгазиева Алтынай Оразалықызы ата-анамен,  «Отбасы татулығы» тақырыбында  №11 ересектер тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін Уралбаева Туганай Бакбергеновна ата-анамен бірге өткізді. «Біз бақытты баламыз» ата-аналармен бірге ұйымдастырылған шығармашылық фестивалін  ән-саз жетекшісі барлық топ ата-аналармен бірге өткізді.Семинар соңында келген педагогтер ұсыныс пікірлерін білдіріп,  «өте жақсы» деңгейде өткенін  айтып, ұжымға шығармашылық табыс тілеп, жылы лебіздерін білдірді.