2026 жылдың 18-наурызы күні балалардың қазақ халқының мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне қызығушылығын ояту, қазақтың ұлттық Наурыз мерекесімен, қазақ халқының салт-дәстүрлерімен, әдет-ғұрыптарымен және ойындарымен таныстыру, қазақ халқының мәдениетін құрметтеуге, туған жерге деген сүйіспеншілікке, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу, мерекені эмоционалды, оң қабылдауға ықпал ету, халықтың мәдениеті мен өміріне қатысын түсіну, Отанды сүюге, еңбекқорлыққа, әртүрлі ұлт өкілдеріне құрмет көрсетуге тәрбиелеу мақсатында №46 «Балбұлақ» бөбекжайымызда «Әз Наурыз, қош келдің!» тақырыбында ертеңгіліктер өткізілді. Балалар ұлттық киімдерін киіп, мерекеге жақсы дайындықпен қатысты.Ертеңгілікте балалар ұлттық «Торсық», «Батырлар», «Наурыз» билерін билеп, ән салып, Наурыз тақырыбында өлеңдер оқыды. Бұл шарада балалар көңіл күй көтеріп, ұлттық ойындардан: «Арқан тарту», «Тақия тастамақ», «Шаңырақ» ойындарын ойнады. Мерекелік шара балаларға өте жақсы көңіл күй сыйлады.






KZ
