Skip to content

Ойнау – оқыту, оқыту – дамыту

28 қараша күні бөбекжай әдіскері Гүльзифа Кенжибаевна «Ойнау – оқыту, оқыту – дамыту» атты ата-аналарға арналған викторина өткізді. Ата-аналар ойындық және танымдық тапсырмаларды орындады. Викторина барысында ата-аналар педагогикалық серіктестік, шығармашылық және логикалық ойлау қабілеттерін көрсетті. Шараның мақсаты – ата-аналардың балабақшадағы оқу-тәрбие процесі туралы түсінігін кеңейту және олардың белсенділігін арттыру болды. Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, жағымды әсер алды.