Skip to content

«Сaspian» халықаралық фестивалі

2025 жылғы 7 қазан күні  «Маңғыстау туризм колледжі» МКҚК-да «Сaspian» халықаралық фестивалі өтті. Фестивальге  Сабри Альптекин Түркия Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулы, Сезер Рашида Кирмановна, Анталья «Олгунлашма» институты директорының орынбасары; Насиров Бехзод Русланұлы- Holiday Inn қонақ үйінің директоры,  Қарадаш Сельчук- «Hotel Victory» ЖШС директорылары . Маңғыстау облысы әкімдігі  фестиваль ұйымдастырушыларының құттықтау сөзімен ашып берді.

Ресей (Мәскеу, Томск), Түрікменстан, Түркия, Қырғызстан шетелдік қонақтардың тікелей эфир арқылы  сұхбат өтті.

Маңғыстау туризм колледжінде өткен “Caspian” халықаралық көрмесіне:

▪️ ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері;

▪️ Техникалық және кәсіптік білім беру департаменті;

▪️ Маңғыстау облысы әкімдігі;

▪️ Педагогикалық еңбектің ардагерлері;

▪️ Саяси партиялар өкілдері;

▪️ Ш. Есенов атындағы университет ұстаздары қатысты.

Сонымен қатар шараға:

▪️ “Тәлімгер” кәсіптік бағдар және кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік орталығы;

▪️ “Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасы;

▪️ әлеуметтік серіктестер;

▪️ бизнес қауымдастығының өкілдері;

▪️ ата-аналар;

▪️ қоғам қайраткерлері;

▪️ колледж түлектері арнайы қатысты.

Фестиваль аясында:

▪️ Қарақия кәсіптік колледжі,

▪️ Маңғыстау өнер колледжі,

▪️ Түпқараған гуманитарлық-техникалық колледжі өз өнімдерін ұсынды.

Бұл шараға бөбекжайымыздың мектепалды даярлық топ балалары  қатысып, мамандықтардың қыр сырымен етене жақын танысты. Бүлдіршіндерге жақсы көңіл күй сыйлаған Маңғыстау туризм колледжіне алғысымыз шексіз.