Skip to content

Семинар

2026 жылдың 30 қаңтары күні мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы педагогтердің озық іс-тәжірибелермен бөлісе отырып, біліктіліктерін жетілдіруге мүмкіндік жасау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ұйымдастырылатын іс-шаралардың жаңа әдіс-тәсілдерімен бөлісу, тәрбиеленушілердің жеке қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне сәйкес толыққанды сапалы тәрбие мен білім беру мақсатында №46 «Балбұлақ» бөбекжайында «Балаларға ұлттық құндылықтарды дәріптей отырып, жеке және танымдық қызығушылықтарын арттыруға ықпал ететін инновациялық және интерактивті әдістерді қолдану» тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинар барысында: №3 «Лучики» МАД тобымен бейнелеу өнері тәрбиешісі- Сельченкова Е.И., тәрбиеші- Омельницкая Т.А. «Планета Сириус» робототехника бойынша ұйымдастырылған іс-әрекетін, №11 «Ақжелкен» ересектер тобымен тәрбиешілер –Уралбаева Т.Б., Мұратова Д.А., Бисенгазиева А.О., Джунельбекова А.Е. «Ұлттық құндылық – ұлт болашағы» ұйымдастырылған іс-әрекетін, №12 «Жұлдыздар» МАД тобымен тәрбиешілер -Акоразова Э.С., Каракаева А.К., Имангалиева А.Т., Елбаева Н.А. «Ұлттық мұра – асыл қазына» ұйымдастырылған іс-әрекетін, МАД тобымен дене тәрбиесі нұсқаушылары Ахмедьянова А.И., Рақметов Н.Б., «Путешествие по Африке» (стретчинг ойын элементтерімен ) дене тәрбиесі іс-әрекетін., бөбекжайы ата-аналарымен бірге ән-саз жетекшісі Корнеева О.Г. «Ну-ка, все вместе!» балалар шығармашылығы фестивалін өткізді. Семинар соңында келген педагогтер ұсыныс пікірлерін білдіріп, «өте жақсы» деңгейде өткенін айтып, ұжымға шығармашылық табыс тілеп, жылы лебіздерін білдірді.