Skip to content

Тамақтану сапасына мерзімдік мониторинг жүргізу

2026 -жылдың  28-қаңтары күні  ҚР ДСМ-16 бұйрығының 3-тарауы негізінде тәрбиеленушілердің тамақтануын бақылау, жеткізілген азық-түліктің сапасын бағалау, тағамды дайындау мен сақтау кезіндегі санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуын тексеру және тамақтану сапасына мерзімдік мониторинг жүргізу мақсатында бөбекжайымызда бракераждық комиссия отырысы өтті.

📍Комиссия мүшелері күнделікті ас мәзіріндегі тағамдардың берілуін сараптап, асхананың жалпы тазалығы мен азық-түліктердің сақталуын, олардың дайындалуы мен берілуін қарады.

📍Топтардағы түскі ас мезгілініндегі балалардың тамақтануын, санитарлық нормалардың сақталуын қарап, жақсы бағасын берді.