Skip to content

Жаса, жайна, туған жер!

   8 қазан Қазақстан  Республикасы күніне орай бөбекжайішілік  «Жаса, жайна, туған жер!» тақырыбындағы педагогтер арасындағы мәнерлеп оқу ұйымдастырылды. Ұйымдастырушы: қазақ тілі маманы Елеусизова Саида. Педагогтер Отан, туған жер тақырыбындағы көркем шығармаларын мәнерлеп оқи отырып, өзара бақ сынасты. Нәтижесінде “Жұлдыздар ” тобының тәрбиешісі  Акоразова Эльмира Сембаевна дарынымен дараланып І орынға ие болса, ІІ орынды тәрбиешілер  Т.А.Омельницкая мен  А.О. Бисенгазиева бөлісіп, ІІІ  А.Е.Джунельбекова иеленді. Жеңімпаздарды жүлделі орындарымен құттықтаймыз!