Skip to content

Жасыл балабақша – табиғатты аялау мен сүйіспеншілікті тәрбиелеу жолы

2026 жылғы 12 мамыр күні №46 «Балбұлақ» бөбекжайымызда Облыстық «Жасыл балабақша – табиғатты аялау мен сүйіспеншілікті тәрбиелеу жолы» тақырыбында тәжірибе алмасу воркшопы өткізілді .

Іс-шараның мақсаты – мектепке дейінгі ұйымдарда экологиялық тәрбие беру бағытында тәжірибе алмасу, табиғатты қорғауға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру және «Жасыл балабақша» жобасын дамыту болды.

Воркшопқа мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері мен тәрбиешілері қатысты. Іс-шара барысында қатысушылар тіркеліп, әртүрлі бағыттағы ұйымдастырылған іс-әрекеттер мен шеберлік сыныптарға куә болды.

Бағдарламаға сәйкес:

  • Педагог-психолог Құрманғазина Гүлшат Құрманғазықызы «Табиғи қалдықтан – жаңа туынды» тақырыбында көрме ұйымдастырды;
  • Тәрбиеші Муратова Данагүл Ахметжанқызы ересек топта «Табиғат – тіршілік бесігі» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекет көрсетті;
  • Тәрбиеші Акоразова Эльмира Сембаевна «Орман достары» тақырыбында ашық іс-әрекет өткізді;
  • Бейнелеу өнері тәрбиешісі Сельченкова Екатерина Ивановна «Умные штучки из мусорной кучки» атты шеберлік сыныбын ұйымдастырды;
  • Әдіскер Кобланова Алима Реджеповна «Бөбектер мекендеген жасыл бөбекжай» тақырыбында бейнефильммен таныстырды.

Іс-шара соңында пікірталас өткізіліп, қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, кері байланыс жасады. Воркшоп қорытындыланып, бағалау жүргізілді.

Аталған шара педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыруға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік берді.