30 желтоқсан күні бөбекжайда 2025 жылды қорытындылауға арналған іс-шара болып, директор Оразова А.Д. және әдіскер Қобланова А.Р. сөз сөйлеп, биылғы жылы өткізілген іс-шаралар мен семинарлар, бөбекжайдың жеткен жетістіктері жайында атап өтті.
2025 жылғы үздік кәсіподақ мүшелерін әлеуметтік қамсыздандыру қорының ақшалай сыйлықтармен марапатталып, статуеткалары табысталды. Олар: әдіскер Г.К. Сейталиева, медбике Е.С. Сулейманова, хореограф Ш.У. Өмірбекова, психолог Г.Қ. Құрманғазина, және дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Н.Б. Рахметов. Жақсы жетістіктері үшін әріптестерімізді құттықтаймыз.





KZ
